AKTAU TRIATHLON: CASPIAN MAN» ӘУЕСҚОЙ ТРИАТЛОН ЖАРЫСЫ
Спорттық шара туралы
AKTAU TRIATHLON: CASPIAN MAN» ӘУЕСҚОЙ ТРИАТЛОН ЖАРЫСЫ
Бұл жарыс белсенді өмір салтын ұстанатын, өз мүмкіндігін сынап көргісі келетін және жаңа белестерді бағындыруға дайын жандарды біріктіреді. Триатлон – төзімділікті, ерік-жігерді және табандылықты талап ететін спорт түрі.
ІС-ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ
триатлон спортын Маңғыстау облысында дамыту;
бұқаралық спортты және белсенді өмір салтын насихаттау;
тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына ынталандыру;
Ақтау қаласының туристік тартымдылығын арттыру;
халықаралық деңгейдегі жыл сайынғы спорттық дәстүр қалыптастыру;
кәсіби спортшылар мен әуесқойларды бір алаңға біріктіру.
Қатысушылар бір жарыс аясында үш кезеңнен өтеді: жүзу, веложарыс және жүгіру.
Серіктестік
