• +7 (777) 777 77 77
  • caspianmarathon@gmail.com
  • ҚЗ
    • ҚЗ
    • РУ
  • Нәтижелер
  • Волонтерлік
  • Жаңалықтар

Winter Run 2026

Ақтаудағы Қысқы жүгіру

Winter Run – 2026 шарасына қош келдіңіз! Бұл – Ақтауда өтетін жылдың ең энергияға толы қысқы жүгіру оқиғасы!

Жылды белсенді бастаңыз — қысқы жүгіруге қосылып, салауатты өмір салтын қолдайтын қозғалыстың бір бөлігі болыңыз! 

  • Басыт бет ->  

  • Күнтізбе ->  

  • Winter Run 2026

Спорттық шара туралы

Winter Run 2026

Өткізу күні:

2026 жылдың 25 қаңтары

Старт қалашығының ашылуы: 07:00

Старт және мәре: 4 шағынаудан, теңізге түсу (сахна)

Қашықтықтар:

Өзіңе қолайлысын таңда:

•⁠ ⁠3 км — балалар жүгіруі (10–14 жас)
•⁠ ⁠5 км — жүгіру (15 жастан бастап)
•⁠ ⁠10 км — жүгіру (18 жастан бастап)
•⁠ ⁠5 км — скандинав жүрісі (15 жастан бастап)

Старттық жарналар:

•⁠ ⁠3 км (балалар жүгіруі) — 5000 тг
•⁠ ⁠5 км (жүгіру және скандинав жүрісі) — 7000 тг
•⁠ ⁠10 км (жүгіру) — 9000 тг

Старттық жарналар қайтарылмайды және қайта тіркелмейді.

Жас санаттары:

(Жас туған жыл бойынша анықталады — туған күн өткеніне немесе алда екеніне қарамастан, ағымдағы жылы толған толық жас есепке алынады.)

•⁠ ⁠3 км (балалар жүгіруі) — 10–14 жас
•⁠ ⁠5 км (жүгіру) — 15–34, 35–49, 50–59, 60+
•⁠ ⁠10 км (жүгіру) — 18–34, 35–49, 50–59, 60+
•⁠ ⁠5 км (скандинав жүрісі) — 15 жастан бастап

Старттық пакеттерді беру

2026 жылдың 24 қаңтары
10:00–19:00
“SayаPark” СОСО, 10 шағынаудан

Стартта пакеттер берілмейді!

Марапаттау

Абсолюттік жеңімпаздар (ерлер және әйелдер бөлек) келесі қашықтықтарда:

•⁠ ⁠10 км
•⁠ ⁠5 км
•⁠ ⁠3 км (балалар жүгіруі)

Марапатталады:

•⁠ ⁠грамоталар
•⁠ ⁠медальдар

5 км (скандинав жүрісі) қашықтығында тек финишерлерге арналған марапат — естелік медаль беріледі.

Барлық қатысушыларға сыйлықтар

Әр финишер қысқы спорттық шараға қатысудың символы ретінде естелік медаль алады!

Жылды жарқын бастаңдар!

Winter Run 2026 стартында кездесеміз — қыс тоқтауға себеп емес екенін дәлелде!

Жаңалықтарды сайттан және әлеуметтік желілерімізден бақылап отырыңыз. 

Серіктестік

Нәтижелер

Жаңалықтар

Фотогалерея

Документы

caspianmarathon@gmail.com

Copyright © 2025. All rights reserved